ЖШС «Азия мед-МО» медициналық орталығы

Созылмалы аурулары бар науқастарға МӘМС жүйесінің жарнасын төлеу арқылы қолжетімді болған тегін дәрі-дәрімектер және медициналық қызмет түрлері.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығымен созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқылаудың мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекітті. Бұйрық 10 қарашадан бастап күшіне енген.

Созылмалы аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсету алғашқы медициналық-санитарлық көмек және тіркелген жеріндегі консультациялық-диагностикалық көмек беру ұйымдарында, ТМКК және МӘМС жүйесінде динамикалық байқау арқылы жүзеге асырылады. Медициналық көмек көрсетіледі:

  1. 1. МСАК ұйымдарында динамикалық бақылауға алынатын аурулар болған;
  2. 2. Консультациялық-диагностикалық көмек деңгейінде динамикалық бақылауға жататын әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде;
  3. 3. Бейінді мамандардың бақылауы қажет созылмалы аурулар болған жағдайда.

Созылмалы науқастарға медициналық көмекті: жалпы тәжірибелік дәрігер, учаскелік терапевт дәрігері / учаскелік педиатр, учаскелік мейірбике немесе фельдшер, сондай-ақ бейінді мамандар жүзеге асырады. Егер көрсетілімдер болса, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтар мен салауатты өмір салты кабинеттерінің мамандары қатысады.

ЖШС «Азия мед-МО» медициналық ұйымында 2023жылы ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына сәйкес бейінді мамандардың байқауына жататын аурулардың тізбесі бойынша - 697 науқас «Д» есепте тұрған. Оның ішінде 69 - скрининг кезінде, 534 - өздігінен дәрігерге жүгінген кезінде, 94 - медициналық байқау кезінде анықталып тіркелген. Нозологиясы бойынша Артериалды гипертензия – 43, Артропатии, дорсопатии – 2, Темір жетіспеушілігінен туындаған анемия – 5, Өт тас ауруы – 1, Әйелдер бедеулігі – 1, Қант диабеті – 6, Жүрек жетіспешілігі – 3, Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы – 20, Бүйректің созылмалы түтік-интерстициалдық қабынуы – 4, Энцефалопатия неуточненная – 1, Эпилепсия – 3, Ас қорыту органдарының аурулары – 2, Жіті коронарлы синдром – 3.

«Д» есепте тұрған барлық науқастар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын тұрақты төлеу арқасында, МӘМС жүйесінде статустары «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» болып, профилактикалық медициналық тексерулерді, учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы мамандандырылған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі, созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болу, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету, диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ), мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек, медициналық оңалту, стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты қызметтерді тегін алды.

Сонымен қатар ЖШС «Азия мед-МО» медициналық ұйымында 2023жылы ҚР-ның белгілі бір аурулары бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ - 75 бұйрығына сәйкес артериялық гипертензиямен - 282, артроз - 5, қант диабеті - 62, жүректің созылмалы ишемиялық ауруы - 55, жіті коронарлы синдром ауруларымен – 5 науқас тіркелген. Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар бойынша «Д» есепте тұрған барлық - 445 науқастар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын тұрақты төлеу арқасында, МӘМС жүйесінде сақтандырылған болып, бағасы қымбат тұратын дәрі-дәрімектерді тегін алған. Егер бұл науқастарда медициналық сақтандыру жарналары төленбеген болған кезде, тиісті дәрі-дәрімектер науқастардың қалтасына ауыр тиетіні анық еді.

МӘМС жүйесінде жарнаны уақтылы төлеу арқылы сақтандырылған дәрежесі бар адамдарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық қызмет түрлерінің кеңейтілген спектрі қол жетімді болады.

ЖШС «Азия мед-МО» медициналық орталығының басшысы

П.Е.Курбанбаева

instagramwhatsapptelegramyoutube

©AziyaMed. All Right Reserved

Контакт и информация

Логотип

Номер телефона:

+7-(702)-380-43-92

Логотип

Часы работы:

08:00 - 18:30 пн - пт

Логотип

Наш адрес:

ул. Тауке хана 47/1